Айдос Сарым депутат мандатынан айырыла ма?

2285
Adyrna.kz Telegram
Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаевты «балабол», «пацан» деп айыптаған мәжіліс депутаты Айдос Сарымның мәселесі әдеп кеңесінде қаралып, депутат мандатынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы   "orda.kz"-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналисттерге берген сұхбатында айтты.

— Өкінішке қарай, ол бейнежазбаны көрмедім. Бірақ қарап шығамын. Егер қажеттілік болып жатса, бұл мәселені әдеп кеңесінде көтеріп, қарауға болады, — деді Ерлан Қошанов.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде депутат Айдос Сарым мен саясаттанушы Досым Сәтпаев айтысқан болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы    
Пікірлер