2025 жылдың 15–16 желтоқсанында Таңдаулы Экономисттер Одағының Жоғары Пікірсайыс Мектебі (ТЭО ЖПМ) Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі ICE SCREAM XII республикалық пікірсайыс турнирін өткізеді.
Таңдаулы Экономисттер Одағы бүгінгі таңда республикамыздағы ең танымал пікірсайыс мектептерінің бірі ретінде жастардың ойлау қабілетін, көшбасшылық дағдыларын және азаматтық белсенділігін дамытуда үлкен рөл атқарып келеді.2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ұйым талай мықты пікірсайысшыны, қоғам дамуына үлес қосып жүрген жаңа буын көшбасшыларын тәрбиеледі. Ұйымның үздік жобаларынын бірі осы - ұзақ жылдар бойы ұйымдастырылып келе жатқан ICE SCREAM XII турнирі.
ICE SCREAM турнирі — Қазақстандағы ең ауқымды пікірсайыс додасынын бірі. Ауқымды интеллектуалды дода Алматы қаласындағы Нархоз университетінің қолдауымен ұйымдастырылады. Бұл — елдегі ең белсенді, білімге құштар және шешендікке бейім жастар бас қосатын маңызды пікірсайыс алаңы.Пікірсайыс - жас таланттардың интеллектуалды әлеуетін ашуға, ой еркіндігін дамытуға және білімді, белсенді жастардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған бағыт. Бұл турнирдің нәтижесінде жаңа қатысушылар тартылып, университет ішінде дебат мәдениеті дамиды, академиялық ортаға қосымша үлес қосылады. Сонымен қатар, университеттің өзіндік бренді мен имиджін нығайтады, ал қатысушылар үшін тәжірибе жинау мен дағдыларын жетілдіру алаңы болып табылады.
ICE SCREAM XII — ұлттық деңгейдегі 12 жылдық дәстүр.
Турнир пікірсайысқа енді қадам басып, бет бұрған қатысушылардың арасындағы дода болмақ. Ойынның өту форматтары келесідей: Америкалық парламенттік формат (АПФ) және Линкольн-Дуглас (ЛД).
Пікірсайыста қамтылатын негізгі тақырыптар:
–Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік;
–Тұрғын үй және әлеуметтік саясат:
–Ұлттық даму бағдарлары;
–Экономикалық модельдер.
Бұл бағыттар жас пікірсайысшыларға терең талдау жасауға, дәлелді ой айтуға және күрделі мәселелерге жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Биылғы додаға:
- 80 команда,
- 120-дан астам пікірсайысшы,
- 600-ге жуық көрермен жиналады деп күтілуде.
Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен — Тараз, Шымкент, Алматы облысы, Талдықорған, Ақтөбе, Қызылорда қалаларынан келген жас пікірсайысшылар екі күн бойы айтыс-тартысы мол ой додасында бақ сынайды.
ТЭО CUP XIV турнирінде күтілетін қонақтар:
- Мақсат Халық – SANA FOUNDATION Қоғамдық Қорының, SANA BUSINESS ACADEMY төрағасы;
- Ерболат Мұхамеджан – ҚР Президенті телерадиокешені директорының көмекшісі, экономист, журналист және қоғам қайраткері;
- Нұрмаханов Еркебұлан-ҚР Қаржы министрлігі IMAK камералдық бақылау басқармасының басшысы.
Турнир жастарға:
–жаңа идеялармен бөлісуге,
–ұлттық деңгейде тәжірибе жинауға,
–қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға,
–пікірталас және көшбасшылық дағдыларын дамытуға көп мүмкіндік береді.
ТЭО ЖПМ Президенті Сұлтан Қазбекби пікірінше: ТЭО ЖПМ Президенті Сұлтан Қазбекби пікірінше: «ICE SCREAM XII турнирі — жас пікірсайысшылардың бір алаңға жиналып, өз ой-өрісін кеңейтіп, өзекті тақырыптарды талқыға салатын ең маңызды республикалық турнирдің бірі. Біз бұл турнирге бір ай бұрын дайындықты бастап, әр детальді жоғары деңгейде ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлдік. Биылғы доданы Тәуелсіздік күніне орайластырып өткізу — жастардың азаматтық санасын күшейтіп, мемлекет тарихының мәнін терең түсіндіруге бағытталған маңызды қадам. Пікірсайыс — еркін ойлайтын, дәлелмен сөйлейтін, ел болашағына бей-жай қарамайтын жаңа буынды қалыптастыратын күш. Сондықтан ICE SCREAM XII еліміздің пікірсайыс мәдениетіне жаңа серпін беретін ерекше шара болады деп сенемін».
Күні: 15-16 желтоқсан 2025 жыл.
Уақыты: 9:30
Өтетін орны: Жандосов көшесі 55, Нархоз Университеті