2027 жыл Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланды

209
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vvrKX94fYmEDXXxY0kHeIVFW93vm5RQa7SdpHMig.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жыл Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын. Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек», – деді ол.

Мемлекет басшысы жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысын бастау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарын салу маңызды екенін айтты.

Бұдан бөлек, барлық өңірде шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар мен ғылыми орталықтар бой көтеруі тиіс. Президент тұрғын үй құрылысын да маңызды міндеттердің бірі ретінде атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамалардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға, әсіресе өскелең ұрпақтың игілігіне бағытталғанын жеткізді.

Пікірлер