Әшімбаев "мәртебесі жоқ" Назарбаевтың Кремльдегі кездесуі жайлы пікір білдірді

1757
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vGnxh0F31p51Sp50evWNVt4GDX0l3hcXiatM46BZ.webp

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Кремльдегі Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

«Тұңғыш президенттің Мәскеуге сапары жеке сипатқа ие болды. Оның ешқандай ресми мәртебесі болған жоқ. Тұңғыш президенттің қандай да бір мәртебесі немесе өкілеттігі жоқ. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, еліміздің сыртқы саяси стратегиясын жүргізуге байланысты барлық өкілеттік мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында», – деді ол бейсенбі күні Сенат кулуарында.

Сенат спикері экс-президенттердің өзге елдердің саясаткерлерімен кездесіп, сапарлар жасауға құқығы бар екенін айтты.

«Бәрі жеке іс-шаралар аясында өтіп жатыр», – деп атап өтті Әшімбаев.

Еске салайық, 30 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізген еді.

댓글
기타 기사