Түркиядағы тоқтам. Украина мен Ресей делегациялары арасында келіссөздің үшінші кезеңі өтті

1811
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DwUWNVCsZ0wjkpNP5Ewrq9VXCPao7UELaLQ1Ru6I.jpg

Ыстамбұл қаласында Украина мен Ресей делегациялары арасында соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің үшінші кезеңі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Нәтижесіз кездесу ұзаққа созылмады. 

Келіссөздер шамамен бір сағатқа да жетпей аяқталған. Келіссөзден кейін журналистерге мәлімдеме жасаған Украина делегациясының жетекшісі Рустем Умеров Киевтің тамыз айының соңына дейін Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путиннің жеке кездесуін ұйымдастыруды ұсынғанын жеткізді.

Алайда Ресей тарапы әзірге мұндай кездесу өткізуге келісім берген жоқ. Тіпті Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Украина басшысы Зеленскийді заңды президент ретінде мойындамайтынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ Рустем Умеров Украина жағы нақты әрі дереу атысты тоқтату режиміне мүдделі екенін, және оған дайын екенін тағы да қайталады.

Ресей делегациясын басқарып барған Владимир Мединский келіссөзден кейін баспасөзге берген сұхбатында қос тарап кемінде 1200 әскери тұтқынды бір-бірімен алмастыруға келіскенін хабарлады.

댓글
기타 기사