Қытайдағы су тасқыны. Қаза тапқандар саны 44-ке жетті

1384
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OCIHbKIPg5uZYvMzE12sZJ5UviLLcIJdFSWaZdbK.webp

Қытай астанасы Бейжіңде болған жойқын су тасқыны салдарынан 44 адам қаза тауып, 9 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Chinanews ақпарат агенттігіне сілтеп.

Бейжің қаласы әкімдігінің мәліметінше, қаза тапқандардың 31-і Миюнь ауданындағы қарттар үйінде болған. Ал жоғалғандардың бірі – құтқарушы.

Су тасқынынан әсіресе Миюнь, Хуайжоу және Яньцин аудандары зардап шеккен. Бұл өңірлерде бірнеше күн бойы толассыз нөсер жауын жауып, өзендер арнасынан тасып, елдімекендерді су басты.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин 28 шілдеде су тасқынына қарсы және апаттан құтқару жұмыстарына байланысты арнайы нұсқау беріп, табиғи апаттар Бейжің, Хэбэй, Цзилинь, Шаньдун сияқты аймақтарда ауыр адам шығыны мен мүліктік залалға себеп болғанын мәлімдеді. Ол халықтың өмірі мен мүлкін қорғау үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру қажет екенін баса айтты.

Қазіргі таңда 80 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған. Қалпына келтіру және көмек көрсету шараларына мемлекет тарапынан ауқымды қаржы бөлінуде. Ұлттық даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитет Бейжіңге 2 миллиард юань бөлсе, қаржы және төтенше жағдайлар министрліктері елдегі 9 өңірге 3,5 миллиард юань көлемінде көмек көрсету үшін қаражат бөлген.

댓글
기타 기사