Қазақстанда дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы құрылды

2057
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1WkpXPGikDlsYqDmQyaMHbBwP9gTAkBJ5K9jKUkC.jpg

 

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды “Адырна” Kazinform агенттігіне сілтеп. 

Жаңа құрылым азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығын қамтамасыз етудегі маңызды буынға айналады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

  • жалған ақпаратты анықтау және теріске шығару;
  • азаматтарды маңызды тақырыптар бойынша объективті, тексерілген деректермен қамтамасыз ету;
  • ақпаратты жауапкершілікпен тұтыну мәдениетін дамыту.

Ақпараттың шамадан тыс көптігі жағдайында шындық пен әдейі бұрмаланған мәліметтерді ажырата білу ерекше маңызды. Жаңа Орталық ақпарат ағынында бағдар беретін құралға айналады.

Жұмыс мемлекеттік органдармен, сарапшылар қауымдастығымен, журналистермен және азаматтармен бірлесе жүргізіледі.

Орталықтың құрылуы — нақты фактілерге, жауапкершілікке және ақпаратқа деген сенімге негізделген тұрақты коммуникациялық ортаны қалыптастыру жолындағы заңды қадам.

Орталық жалған ақпараттар туралы тұрақты шолулар, манипуляция мысалдарын жариялап, қоғамдық резонанс тудырған ақпараттық тақырыптарға сараптамалық түсініктемелер беріп отырады. Орталықтың іске қосылуы әлеуметтік желілердегі ресми ресурстарда ақпарат жариялаумен қатар жүреді, онда күрделі ақпараттық үдерістер қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіріледі.

Бұған дейін Қырғызстанда БАҚ пен интернеттегі фейктер үшін айыппұл салу шаралары енгізілген болатын.

댓글
기타 기사