Ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі қайда өтеді?

2130
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SPZGp3hu9sMYiAYsQvAaeqUyuGt1inUm2CPOma8Z.webp

Қазақстанның белгілі ғарышкері Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда өтеді. Бұл туралы Алматыдағы Қарулы күштер ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Мәлімет бойынша, қоштасу рәсімі 6 тамыз күні сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде өтеді. Одан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг ұйымдастырылады. Талғат Мұсабаев Кенсай зиратында жерленеді.

Еске салайық, кеше Қазақстанның ғарышкері Талғат Мұсабаевтың қайтыс болғаны белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аты аңызға айналған ұшқыш-ғарышкердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Талғат Мұсабаев 1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданы, Фабричное ауылында дүниеге келген. Ол – Қазақстанның Халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы. 2007–2016 жылдары Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, 2017–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.

댓글
기타 기사