Ядролық тамыз. "Росатом" Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын бастады

2099
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/h9H7U3XIuYbM2G9tyiAbghiJu21uH0jLsp704e1H.webp

Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында Қазақстан тарихындағы алғашқы атом электр станциясының құрылысын бастау рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна".

Құрылысты бастау туралы түймені Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Ресейлік Росатом компаниясының бас директоры Алексей Личачев, Алматы облысы Жамбыл ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бағдат Әлиев пен Ресейдегі Ұлттық зерттеу ядролық университеті «МИФИ» студенттері басты.

Еске салайық, құрылыс алаңына арнайы техника жеткізіліп, сондай-ақ Нововоронеж атом электр станциясының макеті орнатылған. Қазақстанда салынатын станция осы үлгіге ұқсас болады. Макетте көрсетілген № 6 энергоблок — әлемдегі 3+ буынына жататын алғашқы энергоблок.

Рәсім ұйымдастырылған жерде топырақ сынамасын алу үшін бұрғылау жұмыстары да басталды. Алынған капсуладағы үлгілер Ресей жағына зерттеу жүргізу үшін тапсырылады.

Айта кетсек, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысын аяқтау 2035–2036 жылдарға жоспарланған.

Ал Совет одағы кезінде 1949 жылы Семей жеріндегі ядролық сынақ алаңында алғашқы жарылыстар да тамыз айында өткізілген болатын.  

댓글
기타 기사