Тыңшылық па, тыныштық па? Қорғаныс министрлігі Қазақстан дипломатының ұсталғанын растады

2114
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FcD7rTWwzJeozC4VGU1i15syGo8y0Dg0YTGQA92V.jpg

Польшада Қазақстан елшілігіндегі әскери атташенің көмекшісі ұсталды. Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растаймыз. Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдануда»,-делінген хабарламада.

30 шілдеде Польша билігі Быдгощ қаласында Орталық Азия елдерінің бірінің сыртқы барлау қызметінің офицері ұсталып, үш айға қамауға алынғанын мәлімдеді. Бірақ нақты қай елдің азаматы екені айтылмады. Ал жақында бірқатар БАҚ-та Польшада Қазақстанның әскери атташесінің көмекшісі тыңшылық жасады деген күдікпен тұтқындалды деген ақпарат тарады.

 

댓글
기타 기사