Қазақ киіз үйі АҚШ шөліндегі құмды дауылға төтеп берді

2010
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/03/kiyz-yidyn-qalai-jasalatyn.jpg

АҚШ-тың Невада штатындағы Блэк-Рок шөлінде өтіп жатқан Burning Man фестивалінде қазақтың киіз үйі құмды дауылға төтеп берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Travel And Tour World басылымының мәліметінше, қатты желдің жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жетіп, бірнеше арт-нысандарды қиратқан.

Дауыл салдарынан кемінде төрт адам жеңіл жарақат алған. Бірқатар кемпингтер қирап, қатысушыларға баспана іздеуге немесе жабдықтарын жөндеуге тура келген.

Фестивальге алғаш рет қатысқан қазақстандық делегация ұлттық мәдениетті таныстыру мақсатында киіз үй орнатқан. Топ мүшесі Сабина Омардың айтуынша, дауыл кезінде киіз үй қатысушылар үшін қауіпсіз орынға айналған.

«Біз қазақ киіз үйіне тығылдық, ең дұрыс шешім болды. Сыртта алай-дүлей болып жатқанда, киіз үйдің ішінде қауіпсіз болды. Таңқаларлығы, мәдениетіміздің символы қазақ киіз үйі Америка шөлінің қақ ортасындағы құмды дауылда қорған болғаны», – деп жазды ол.

Дауылдан кейін іс-шара келесі күні жалғасын тапты. Синоптиктер найзағай мен шағын тасқын болуы мүмкін екенін ескертті.

Фестивальдің ұйымдастырушыларының дерегінше, қиындықтарға қарамастан, Burning Man 2025-ке келушілер саны артып, шамамен 72 мың адам жиналған. 

Burning Man – жыл сайын өтетін сегіз күндік фестиваль. Қатысушылар уақытша қала тұрғызып, өнер мен шығармашылық жұмыстарын ұсынады. Биылғы іс-шара 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

댓글
기타 기사