Илон Маскты басып озды. Әлемдегі ең бай адам анықталды

2733
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/a6fI6z2TYo6OF1zqdyFQf87iS0SXVofSqgio63jc.jpg

Америкалық Oracle компаниясының теңқұрушысы әрі ең ірі акционері Ларри Эллисон алғаш рет әлемдегі ең бай адам атанып, Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маскты басып озды деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.

81 жастағы Эллисонның байлығы Oracle корпорациясы акцияларының 40%-ға жуық қымбаттауына байланысты бір тәулікте рекордтық 101 млрд долларға артқан. Нәтижесінде Эллисонның жалпы капиталы 393 млрд долларға жетіп, Bloomberg миллиардерлер индексі тарихындағы ең ірі біркүндік өсім тіркелген.

Эллисон Oracle акцияларының 41 пайызына иелік етеді және компанияның директорлар кеңесінің төрағасы әрі техникалық директор қызметін атқарады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Илон Масктің байлығы 385 млрд долларды құрайды деп бағаланып отыр.

댓글
기타 기사