200 млрд теңгенің дауы. Зейнетақы жинағын тіс емдеуге аудару уақытша тоқтатылады

1896
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oQM708C3N1DFqU11O7QJmDHkD2tyX6bN0bHMmq89.png

Елімізде стоматологиялық қызметтерге зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Отбасы банк» айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді»,– делінген хабарламада.

Өтініштерді қайта қабылдау мерзімі туралы банк белгілі бір уақыт аралығында қосымша хабарлайтын болады. Бірақ оның уақыты көрсетілмеген.

Еске салайық, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі зейнетақы қорының 200 млрд теңгесі жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы негізсіз алынғанын мәлімдеген еді.

댓글
기타 기사