Белгілі ғалым өмірден озды

1357
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3NUycJwOtsCXZGe2muU55DFHeWWXx8tuPTUujrKf.webp

Белгілі дәрігер, ғалым Марат Оразалин 83 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды Семей медицина университетінің баспасөз қызметі қызметі жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Өзінің 82 жасында біршама уақытқа созылған сырқаттан кейін белгілі ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, микробиолог Оразалин Марат Маутқанұлы өмірден өтті. Марат Маутқанұлы 1942 жылы 15 қазанда Көкпекті ауылында дүниеге келген. 1959 жылы біздің медициналық институтқа оқуға түсіп, оны тәмамдаған соң микробиология кафедрасында еңбек жолын бастаған. Харьков медицина институтының аспирантурасын бітіріп, иммунология бойынша диссертация қорғап, туған оқу орнына оралып, микробиология кафедрасының доценті болды»,— делінген хабарламада.

Дәрігер 2002 жылы Семей медицина университеті микробиология кафедрасының профессоры атағын алған.  Ол — «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы белсенділерінің бірі болған азамат. 1989–2000 жылдары осы қозғалыстың төрағасы қызметін атқарған. Әр жылдары ядролық қару мәселесіне, жастар тәрбиесі мен нашақорлық проблемаларына арналған халықаралық конференцияларға қатысып отырған.

댓글
기타 기사