«Жайық Ет» – өңір экономикасының тірегі

1511
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/o7bLNqqVAwkFRMRNrFzNaWPaYkQluJBz67GTV3mf.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келгенін атап өтті.  Онда Президент: Бұл бағытта соңғы бес жылда бірқатар жетістік бар деп айтуға болады.

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша құны екі есе өсіп, 17 триллион теңгеге жуықтады. Ал оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 12,4 пайызға жетті. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылды. Соның нәтижесінде 12,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды. Мысалы, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау облыстарында машина жасау және металлургия саласындағы ірі кәсіпорындар ашылды. Биыл Алматыда әртүрлі автокөліктер шығаратын Қазақстандағы ең үлкен өндіріс орны жұмысын бастады. Бірақ бұл, әрине, жеткіліксіз, - деді.  Осы ретте Батыс Қазақстан облысында бірқатар іргелі кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. Солардың бірі — «Жайық Ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»

Батыс Қазақстан облысынының орталығы  Оралда 2017 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан құс шаруашылығы кәсіпорны – «Жайық Ет» ЖШС бүгінде еліміздегі толық циклмен жұмыс істейтін жетекші құс фабрикаларының бірі саналады. Бұл инвестициялық жоба өзінің өндірістік қуатымен ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өңірлік экономиканың дамуына қосқан үлесімен де ерекшеленеді. "Жайық-Ет" құс фабрикасында бройлер еті өндіріледі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 20 тоннадан асады. «Жайық-Ет» өнімдері БҚО нарығында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында сатылымда.

Қазіргі таңда еліміздің агроөнеркәсіп саласында отандық өнімдердің сапасы мен өндірістік тиімділігі басты басымдыққа айналды. Осындай талаптарға толық сай келіп, өңірлік даму мен азық-түлік қауіпсіздігіне нақты үлес қосып отырған кәсіпорындардың бірі – Батыс Қазақстан облысында орналасқан «Жайық Ет» ЖШС құс фабрикасы.

Толық өндірістік цикл – сапа кепілі

«Жайық Ет» ЖШС құс фабрикасы бройлер балапан етін өндірудің толық өндірістік циклынжүзеге асырып келеді. Бұл – өндірістің әр кезеңінде сапаны бақылауға мүмкіндік беретін заманауи тәсіл. Атап айтқанда, фабрикада жұмыртқадан балапан шығару, оларды күтіп-бағу, сапалы жеммен азықтандыру, еттік кондицияға дейін өсіру, сою, бөлшектеу, вакуумді қаптау, сақтау және дайын өнімді өткізу – бәрі бір кешенде шоғырланған.

Жетекші технологиялар – үздіксіз өндіріс кепілі

Фабрикада қолданылып жатқан өндірістік желілер Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген заманауи технологиялармен жабдықталған. Бұл туралы кәсіпорын басшысы Темірғали Ескендіровбылай дейді: – Барлық құрылғылар мен техникалар Еуропа Одағы елдерінен жеткізілді. Бұл – өндірістің үздіксіздігі мен санитарлық-ветеринариялық талаптарға толық сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Біз тек санға емес, сапаға ерекше мән береміз. Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау – өте өзекті мәселе. Осыдан бес жыл бұрынғы жаһандық пандемия кезінде де біз жұмысымызды тоқтатқан жоқпыз. Барлық қызметкерлеріміз өз еңбек орнында болды, жұмыс тұрақтылығы сақталды.

Өндірістік қуат пен әлеуметтік жауапкершілік

Бүгінгі таңда «Жайық Ет» ЖШС-нің жылдық өндірістік қуаты – 8 мың тонна тауық еті. Бұл – ішкі нарықты сапалы, отандық өніммен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорында 241 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі жоғары екенін дәлелдейді.Фабрикада жұмыс істейтін мамандардың көпшілігі – жергілікті тұрғындар. Бұл өңірдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ жастарды ауылда тұрақтандыруға оң ықпал етеді.

Азықтық қауіпсіздік – басты міндеттердің бірі

Кәсіпорын тек құс өсірумен шектелмей, өз өнімінің сапасын қамтамасыз ету үшін азық базасын да дербес қалыптастыруда. Осы мақсатта «Жайық Ет» ЖШС соңғы жылдары дәнді, майлы және бұршақты дақылдарды өсірумен де айналысып келеді. Бұл ішкі ресурстарды тиімді пайдаланып, жем-шөптің сапасын арттыруға, шығындарды азайтуға және сыртқы факторларға тәуелділікті төмендетуге жол ашады.Кәсіпорын қазіргі таңда өндірісті кеңейту жұмыстарын қолға алып отыр. Жоспар бойынша қосымша құс өсіру корпустарының құрылысы жүріп жатыр. Бұл өз кезегінде фабриканың жылдық қуатын 12–13 мың тонна тауық етіне дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өндірістік серпіліс жүздеген жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, сондай-ақ импортты алмастыруға зор септігін тигізеді.

Азықтық тәуелсіздік – агроөнеркәсіптік синергия

Құс шаруашылығының тиімді дамуы үшін сапалы әрі тұрақты жем-шөп қоры аса маңызды. Осыны ескерген кәсіпорын басшылығы азықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өсімдік шаруашылығын да қатар жүргізіп келеді. Бүгінде «Жайық Ет» ЖШС өз алқаптарында дәнді, майлы және бұршақты дақылдарды өсірумен айналысады. Бұл құс фабрикасын өз азығымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді әрі өндірістік шығындарды төмендетуге әсер етеді.

Жұмыртқадан – етке дейін: «Жайық Ет» құс фабрикасының күрделі процесі

Құс шаруашылығы – аса мұқияттылық пен тұрақты бақылауды талап ететін сала. Бұл – тек құс бағып, жұмыртқа жинаумен шектелмейді. Әсіресе толық циклді өндіріс жүргізетін фабрикалар үшін әрбір кезең – жауапты әрі стратегиялық маңызды. Батыс Қазақстан облысындағы «Жайық Ет» ЖШС құс фабрикасы дәл осындай кешенді құрылыммен жұмыс істейді. Мұнда жұмыртқадан бастап дайын ет өніміне дейінгі барлық процесс жіті бақылауда.

Инкубациялық жұмыртқа – өндірістің алғашқы қадамы

Фабрикадағы өндіріс инкубациялық жұмыртқадан басталады. Бұл қарапайым дүкенде сатылатын бір ұрықты жұмыртқа емес. Мұндай жұмыртқаларды Башқұртстаннан арнайы жеткізеді, және олардан болашақ бройлер балапандар шығады.– Балапан 22 күнде жарып шығады. Алғашқы 18 күні арнайы инкубациялық шкафтарда белгілі бір температура мен ылғалдылықта ұстаймыз. Кейін үш күнге бөлек сөреге ауыстырылады, – дейді «Жайық Ет» ЖШС бас директоры Темірғали Ескендіров.Кәсіпорын аумағында 30 корпус жұмыс істейді. Әр корпусқа 25 мың тәуліктік балапан орналастырылады. Балапандар шыққаннан кейін олардың 96 пайызы тіршілікке бейім, бұл – өте жоғары көрсеткіш. Әдетте 18 корпус бір мезетте жұмыс істеп тұрса, қалған 6 корпус дезинфекциялау мен дайындық жұмыстарына бөлінеді.Кәсіпорын жылына 4,5 миллион бройлер тауық өсіріп, етке өткізеді. Бір уақытта фабрикада 650 мыңға дейін құс ұсталады. Осыншама ауқымды өндіріс жоғары санитарлық талаптар мен биологиялық қауіпсіздікті қажет етеді.– Құс шаруашылығы – машақаты мол сала. Себебі бір құс ауырса, вирус жылдам таралады. Сол себепті қатаң эпизоотиялық бақылау мен алдын алу шараларын тұрақты жүргіземіз, – дейді кәсіпорын басшысы.

Құнарлы азық – сапалы еттің негізі

Құстардың дұрыс өсуі үшін азықтандыру шешуші рөл атқарады. Бұл ретте «Жайық Ет» фабрикасының тәулігіне 70 тонна жем дайындайтын өз цехы бар. Жем үш негізгі компоненттен тұрады: бидай, соя күнжарасы және өсімдік майы.– Құсқа жай ғана дән беріп қою жеткіліксіз. Құрамында ақуызға бай соя күнжарасымен энергия көзі – өсімдік майы болуы шарт. Соя күнжарасының жартысынан астамы – ақуыз, ал май – құсқа қажетті қуатты береді, – дейді Темірғали Қартайұлы.Алайда, бүгінде құс азығына қатысты бірқатар қиындықтар да бар.– Облыс бойынша жем-шөп жетіспеушілігі байқалады, бағасы да шарықтап тұр. Бұл – уақытша қиындық деп сенемін, – деп атап өтті кәсіпорын басшысы.

Мемлекеттік қолдау – сенімді серіктестік

Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау «Жайық Ет» кәсіпорнының дамуына тың серпін беріп отыр. Атап айтқанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан субсидиялар, төмен пайыздық лизингтер, жеңілдетілген несиелертүріндегі кешенді қолдау шаралары іске асуда.Атап өтерлігі, екінші деңгейлі банктер арқылы алынған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау – кәсіпорынға қаржылық жүктемені жеңілдетіп, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беруде.

Келешекке бағыт – өндірісті кеңейту

Бүгінде «Жайық Ет» ЖШС өндірісті кеңейтумақсатында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, қосымша құс өсіру корпустарының құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстар толық аяқталған соң, фабриканың жылдық қуаты 12–13 мың тонна тауық етіне дейінартпақ. Яғни, өндіріс көлемі қазіргі деңгейден шамамен 50%-ға өседі.Бұл өз кезегінде өңір нарығын отандық сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуге, импорттық тәуелділікті азайтуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға зор мүмкіндік береді. «Жайық Ет» ЖШС – ауыл шаруашылығы саласындағы озық үлгідегі инвестициялық жоба. Құс шаруашылығында толық өндірістік циклды қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын өз ісін үнемі жетілдіріп, нарық талаптарына сай бейімдеп келеді. Мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалана отырып, кәсіпорын өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, агроөнеркәсіптік кешеннің нығаюына сүбелі үлес қосып келеді.Қазақстандықтар жылына 340 мың тонна құс етін тұтынады, оның 35 пайызы шетелден әкелінеді.                            

Ерлан АБДРАХМАНОВ, «ЖАЙЫҚ ЕТ» ЖШС БРИГАДИРІ:

– «Жайық Ет» кәсіпорны іске қосылған сәттен бастап еңбек етіп келемін. Құрылыс жұмыстарының басы-қасында жүріп, алғашқы іргетасының қалануынан бастап куәсі болдым. Жұмыс барысында шетелге барып, арнайы оқып, тәжірибе жинақтап келдім. Кәсіпорындағы барлық құрылғылардың орнатылуына тікелей қатыстым. Қазір сол техникалардың жұмысын өзім қадағалаймын. Әрбір құрылғының тілін, жұмыс істеу жүйесін жақсы білемін. Жаңадан келген жас мамандарды өзім оқытып, үйретіп жүрмін.Жалпы, бұл сала – көп қырлы, жауапкершілігі жоғары бағыт. Мен он жылдан астам уақыттан бері осы жерде еңбекетудемін. Осы жылдар ішінде құс өсірудің барлықпроцесінинкубациядан бастап дайын өнімгедейінгі кезеңдерді толық меңгердім. Бүгінде менікөпшілік «бесаспап маман» деп атайды. Бұлеңбектің, тәжірибенің және ұжымдық қолдаудыңнәтижесі деп ойлаймын. Басшылық осыда жұмыс жасап жүрген әр қызметкерін қолдап келеді. Сол себепті біз тек адал ас өндіреміз.

     

 

댓글
기타 기사