Қазақстандықтардың 74 пайызы өзін орта тапқа жатқызады – ҰСБ деректері

585
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BiFKxEtj0rfO2HVWXnAz6wdx20vAYCy8QaRaPG3k.webp

Ұлттық статистика бюросы халықтың өмір сүру сапасын анықтау мақсатында жүргізген зерттеудің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 53,2%-ы өздерінің өмір сүру жағдайларына қанағаттанатындарын айтқан. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,7 пайызға жоғары. Ал 46,3% қазақстандық өз өміріне жартылай қанағаттанатынын жеткізген.

Айта кетерлігі, ауыл тұрғындары арасында өміріне риза жандардың үлесі (65,4%) қала тұрғындарына қарағанда (51,7%) едәуір көп.

Сонымен қатар респонденттердің 51 пайызы өз денсаулығына қанағаттанатынын, 46,4 пайызы жартылай қанағаттанатынын айтқан. Бұл да өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артқан.

Зерттеу нәтижесінде 73,6% азамат өздерін табыс деңгейі бойынша «орташа қамтамасыз етілгендер» қатарына жатқызған. 65,8% қатысушы туыстары мен таныстары тарапынан моральдық қолдауға сенетінін айтқан.

Ал сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73 пайызы өз болашағына сенімді және алдағы уақытта жағдай жақсарады деп үміттенеді.

댓글
기타 기사