Ұлытау облысында техникалық ресурстарды орталықтандыру жобасы таныстырылды

702
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ouFfMhWiPBW1BgCiKEfOnnm2H7ds78hpwimn77XX.jpg

Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы өңір басшысы Дастан Рыспековке облыстағы техникалық ресурстарды орталықтандыруға арналған жаңа жобаны таныстырды.

Жобаның басты мақсаты – цифрлық инфрақұрылымды орталықтандыру арқылы басқару жүйесін жетілдіру және өңірдің цифрлық трансформациясын ілгерілету.

Ұсынылған бастама аясында облыс аумағындағы әртүрлі мекемелер мен ұйымдарға тиесілі бейнебақылау камералары, интернет арналары және басқа да цифрлық инфрақұрылым элементтері бірыңғай басқару орталығына біріктірілмек. Бұл өз кезегінде техникалық ресурстарды тиімді пайдаланып, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және бақылау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде техникалық шығындар қысқарып, деректердің сақталуы мен ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, түрлі саладағы цифрлық процестерді автоматтандыру облыстағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттырып, тұрғындарға сапалы әрі жедел қызмет ұсынуға жол ашады.

Кездесу барысында облыс әкімі Дастан Рыспеков жобаның стратегиялық маңыздылығына тоқталып, оны кезең-кезеңімен жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, аймақтың цифрлық әлеуетін арттыру мақсатында инновациялық шешімдерді кеңінен енгізудің маңызын атап өтті.

“Цифрлық инфрақұрылымды жүйелеу – бұл тек технологиялық жаңғыру емес, басқару сапасын арттырудың, тиімді шешім қабылдаудың және халыққа ыңғайлы қызмет көрсетудің кепілі”, – деді өңір басшысы.

댓글
기타 기사