11 қазан күні «Ақтөбе» жастар командасының қорғаушысы Мұса Арон қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Футболшының отбасына көңіл айту хабарламасын клубтың баспасөз қызметі Instagram парақшасында жариялады. Қайғылы оқиғаның мән-жайы нақты көрсетілмеген.
«Онымен бірге оның әжесі мен немере інісі де көз жұмды», – делінген хабарламада.
Мұса «Ақтөбе» U-16 командасы сапында 2 тамыз күні алғаш рет алаңға шыққан және сол ойында пас беріп көзге түскен. Ол соңғы матчын 4 қазан күні өткізген.