Жарты жылдан асты. Назарбаеваның сәуірден бері елде емделіп жатқаны айтылды

1391
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dPKuSmzfV5ugbq7tZTtb9rCL9RCUb4PTWGaTrj10.webp

Қазақстанның экс-президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сары Назарбаеваның денсаулық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна".

"Сара Алпысқызы Назарбаева сәуір айынан бастап Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай және отандық мамандардың бақылауында жүзеге асырылып жатыр", - деді Айдос Үкібай.

Ол сондай-ақ БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Назарбаеваның есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайым таратпауға үндеді.

"Мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуларыңызды сұраймын", - деді Үкібай.

Еске салайық, биыл жазда БАҚ-та Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Назарбаеваның өмірден озғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін Айдос Үкібай бұл деректің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

 

댓글
기타 기사