Ресей балабақшаны атқылады. Дрон шабуылынан балалар жараланды

2727
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/684T4BNlvbj4nxh2wbsLvnlVdoAdMO09sIpMHHMW.webp

22 қазан күні Ресей әскері Украинаның Харьков қаласына шабуыл жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қала әкімі Игорь Терехов пен Харьков облыстық мемлекеттік әкімшілік басшысы Олег Синегубов кемінде үш жарылыс болғанын мәлімеді.

«Холодногор ауданындағы жеке балабақшаға соққы жасалды, жараланған балалар бар. Соққы болған жерде өрт шықты», — деді қала әкімі.

Ол барлық баланың дер кезінде эвакуацияланын жеткізді. Алдын ала мәліметтер бойынша Ресей «Шахед» дрондарымен шабуылдаған.

Украина басшысы Владимир Зеленский бұл жағдайға байланысты пікір білдірді.

«Балабақшаға дронмен соққы жасау әрекетін ақтауға ешқандай себеп жоқ және болмайды. Бұл — бейбіт шешімді талап ететін жандарға жасалған қорлық. Бұзақылар мен террористерді тек күшпен ғана орнына келтіруге болады», — деді ол.

댓글
기타 기사