Пойызда 10 жолаушыны пышақтап кетті. Тоғызы хал үстінде жатыр

875
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/YCzPjkOEXgkCnOOnFoY1CQS94MXOSbo3fV9KefGf.webp

Фото: JUSTIN TALLIS/AFP

Англияның Кембриджшир графтығында пойызға белгісіз адамдар пышақпен шабуыл жасап, он адам жарақат алды. Олардың тоғызы ауыр халде ауруханада жатыр. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Оқиға 1 қараша кешкі уақытта Донкастер қаласынан Лондондағы King’s Cross вокзалына бағыт алған пойызда болған. Полиция дерегінше, шабуыл пойыз Кембриджшир аумағында келе жатқанда орын алған.

Шабуылдан кейін пойыз Хантингдон станциясында жоспардан тыс тоқтауға мәжбүр болды. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция және өрт сөндіру қызметінің көптеген қызметкерлері жетті.

Полицияның хабарлауынша, тоғыз жолаушы өміріне қауіп төндіретін жарақат алған, тағы бір адам жеңіл жарақатпен ем қабылдауда.

Құқық қорғау органдары екі күдіктіні қамауға алды. Тергеу жұмыстары антитеррорлық бөлімшенің қолдауымен жүргізіліп жатыр.

Пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылып, аймақ бойынша көлік қатынасына да шектеулер қойылған. Полиция тұрғындардан тыныштық сақтауды және ресми ақпарат көздеріне жүгінуді сұрады.

댓글
기타 기사