Апелляциялық шағым қаралған соң. Экс-президент түрмеден босады

795
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VNyCYWZt95Skv1REp7CqOj7GpDF0BuehS9eFUT8J.webp

Фото: Julien De Rosa/AFP/Getty Images

Парижде апелляциялық соты 10 қараша күні Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді түрмеден босатып, оны сот бақылауына алу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы BFM TV телеарнасы жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Сот прокуратураның өтінішін қанағаттандырып, Саркозидің адвокаттары берген апелляциялық шағымды қарады. 70 жастағы экс-президент шамамен үш апта бойы Париждегі Санте түрмесінде отырған болатын.

Сайлауалды кампанияны заңсыз қаржыландырғаны үшін сотталған Саркози енді электронды бақылау білезігін тағып жүруге міндетті. Сондай-ақ ол өз ісі бойынша айыпталушылар мен куәгерлермен байланысуға тыйым салынды.

Сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Саркози түрмедегі күндерін «өте ауыр» және «шаршатарлық» кезең деп атады. Оның қорғаушылары бұрынғы президентті мерзімінен бұрын босатуды сұраған еді.

Николя Саркози 2024 жылдың қыркүйек айының соңында бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол 21 қазаннан бастап жазасын өтей бастаған. Саркози жеке камерада ұсталып, аптасына үш рет кездесу құқығына ие болған.

Саркози соғыстан кейінгі кезеңде түрмеге түскен Францияның алғашқы президенті және Еуропалық Одақ елдерінің ішінде осындай жағдайға тап болған алғашқы бұрынғы мемлекет басшысы атанды.

Франция соты Саркозиді 2007 жылғы президенттік сайлауалды кампанияны Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің қаражатымен заңсыз қаржыландырғаны үшін кінәлі деп таныған. Тергеу мәліметінше, Каддафи тарапынан Саркозидің сайлау науқанына шамамен 50 миллион еуро бөлінген.

Сонымен бірге ол мемлекеттік қаржыны жымқыру және пассивті сыбайлас жемқорлық баптары бойынша ақталған.

Бұған дейін, 2024 жылдың желтоқсанында, Саркози «жемқорлық» ісі бойынша бір жылдық нақты бас бостандығынан айыру жазасын алған болатын. Ол мерзімді үй қамауында электронды білезікпен өтеді.

Франция билігі бұрынғы президенттен Құрмет ордені мен «Еңбегі үшін» орденін қайтарып алды. Бұл шешім ел тарихында 1945 жылдан бері алғаш рет қабылданып отыр.

댓글
기타 기사