Қазақстан - Бельгия матчі. Жанкүйерлер стадионды жинап кетті (ВИДЕО)

1563
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/b2YFzxqGd8saD9G11quB6fawDoQQjLLXP2nXTpWe.jpg

«Астана Аренада» өткен Қазақстан мен Бельгия құрамаларының ойынынан кейін командалардың жанкүйерлері стадион трибуналарын қоқыстан тазартып кетті. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Матч аяқталғаннан кейін трибуналарда жанкүйерлер экологиялық акция ұйымдастырып, футбол кешін ерекше жағдайда аяқтауға атсалысты. Бұл бастаманы астаналықтардың сүйікті экобейнесі – Тазабек те қолдады. Оның қатысуы жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, тазалық іс-шарасын жылы әрі достық күйге айналдырды»,–делінген хабарламада.

Көрермендердің көбі матч аяқталған соң трибуналарда қалған қоқысты жинауға атсалысып, тазалық мәдениеті мен ортақ кеңістікке деген құрмет көрсеткен.

Еске салайық, 15 қарашада футболдан әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі кезекті ойында Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгия ұлттық құрамасын қабылдап, 1:1 есебімен тең түскен болатын.

댓글
기타 기사