Ұлытау облысының далалы аймағында зымыранның темір сынықтары табылды

342
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/crB5cSwywMS2Qh8BzPKfIrnkLvU4xYn45g0CgXkE.jpg
Әлеуметтік желілерде Ұлытау облысының тұрғындары далалы аймақтан табылған металл сынықтарын көрсеткен бейне кеңінен тарауда. Кадрлар 27 қарашада журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі табылған фрагменттер "Союз МС-28" зымыран-тасығышының бірінші сатысына қатысты болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның құлауы арнайы белгіленген аймаққа жоспарланған. Ведомство зымыранның ұшырылуы штаттық режимде өткенін және халыққа қауіп жоқ екенін атап өтті.

"Оқиға орнында "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің экологтары жұмыс істеуде. Өлшеулер мен сынамалар алу жүзеге асырылып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, экологияға зиян келтірілгені анықталған жоқ. "Союз МС-28" экологиялық тұрғыдан қауіпсіз отын – керосин мен сұйық оттегін пайдаланады. Табылған сынықтар радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп төндірмейді", – делінген ведомство хабарламасында.

댓글
기타 기사