196 мыңға жуық киік ет өңдеу кәсіпорындарына өткізілді

697
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Ban3JQ3zifdOeX6MhsMCljuE9fW8BmWi3JBSPCOr.jpg

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен киіктер популяциясын тұрақты басқару бойынша өткізілген іс-шаралардың қорытындылары тыңдалды. Бұл туралы 2 желтоқсанда Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кеңесте Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйледі.

Экология министрлігінің деректері бойынша Қазақстандағы киіктердің саны бүгін рекордтық деңгейге, 4 млн дараққа жеткен. Сондай-ақ 2026 жылы төлдеуден кейін шамамен 5 млн дарақты құрайды.

Осындай қарқынды өсуді ескере отырып, уәкілетті органдар Зоология институты дайындаған биологиялық негіздеме негізінде ауыл шаруашылығына зиян келтірмеу және экожүйелік тепе-теңдікті сақтау үшін жануарлар санын тұрақты басқару бойынша іс-шаралар жүргізген.

Мәселен, осы жылы 1 шілдеден 30 қарашаға дейін 196 мыңға жуық дарақ тәркіленді, ұшалары отандық ет өңдеу кәсіпорындарына берілген. Жұмыстар ғылыми ұсынымдарға сәйкес қатаң түрде жүргізілген.

«Киіктердің барлық мүйіздері ескеріліп, таңбаланып, Министрлікке ведомстволық бағынысты «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК ұйымында күшейтілген күзет және мамандандырылған инфрақұрылым жағдайларында сақталады»,-делінген хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша Роман Скляр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға 2026 жылға киік санын тұрақты басқаруға дайындық бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ CITES шешімдерін ескере отырып, дериваттардың таңбалануы мен айналымы жөніндегі нормативтік базаны қалыптастыруды аяқтауды тапсырды.

댓글
기타 기사