"Қош келдіңіз!" Токио губернаторы Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды

181
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lZ9DDxFRaBjUOCM6VkbXsttix5BRegAipveMFkvp.webp
2025 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласының губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, ресми сапар аясында Токио қаласының губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде "Қош келдіңіз!" деп жылы шырай таныта қарсы алды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Жапония астаналары арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, атап айтқанда цифрландыру, Smart city технологияларын енгізу, жасанды интеллектіні қала басқару жүйесіне пайдалану және орнықты даму бағытындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Сонымен қатар мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз, экологиялық таза әрі инклюзивті қалалық орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу аясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан мен Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат қалаларды басқаруда инновациялық шешімдерді енгізу және тәжірибе алмасуды көздейді.

댓글
기타 기사