Кеннеди орталығы Трамптың атымен қайта аталды

208
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EbstgtJvIfN2dxlPQ0M7ch8pWvPjMnqHsf2uiyRV.jpg

 

АҚШ астанасы Вашингтонда орналасқан Кеннеди атындағы орындаушылық өнер орталығының атауы өзгертіліп, енді Трамп–Кеннеди орталығы деп аталатын болды. Бұл жөнінде Ақ үй мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Орталықтың директорлар кеңесі атауды өзгерту туралы шешімді бірауыздан қабылдаған. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт X әлеуметтік желісіндегі жазбасында директорлар кеңесі соңғы бір жылда президент Дональд Трамптың ғимаратты «сақтап қалу жолында атқарған ауқымды жұмысын» атап өткенін мәлімдеді.

Кеннеди атындағы орындаушылық өнер орталығы 1971 жылы салынған және осы уақытқа дейін АҚШ-тың 35-президенті Джон Фицджералд Кеннедидің есімімен аталып келген. Нысан елдің мәдени өміріндегі маңызды орталықтардың бірі саналады.

Бейсенбі күні Доғал кеңседе сөйлеген сөзінде Дональд Трамп бұл шешімге таңғалғанын айтып, ризашылығын білдірді. Айта кетейік, осы айдың басында ол орталықтың жыл сайынғы марапаттау рәсімі кезінде атауды өзгерту мүмкіндігін әзіл ретінде меңзеген болатын.

BBC дерегінше, қызметіне кіріскеннен кейін көп ұзамай Дональд Трамп орталықтың директорлар кеңесінің барлық бұрынғы мүшесін қызметтен босатып, олардың орнына өзіне жақын саяси одақтастарын тағайындаған. Кейін жаңартылған құрам Трампты кеңес төрағасы етіп сайлаған.

Директорлар кеңесінің төрағасы болып президенттің кеңесшісі әрі арнайы тапсырмалар жөніндегі өкілі Ричард Гренелл тағайындалды. Қазіргі таңда кеңес құрамында АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бонди, Ақ үй аппаратының басшысы Сьюзи Уайлз, екінші ханым Уша Вэнс, сондай-ақ Трамп әкімшілігінің өзге де жоғары лауазымды тұлғалары мен саяси серіктестері бар.

Сонымен қатар президенттің бастамасымен Конгресс орталықты күрделі жөндеуден өткізу және өзге де шығындар үшін шамамен 257 миллион доллар бөлген. Жақында бұл нысанда футболдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі де өткен.

"Біз оны сақтап қалдық. Ол өте нашар жағдайда еді", - деді Дональд Трамп орталық туралы пікір білдіріп

댓글
기타 기사