Қатты бораннан бір үйір жылқы қырылып қалған

222
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kKQgthKn526KmL5sxg8IUyJIxd0cHd7QhVV1S93G.jpg

Батыс Қазақстанда облысында боран салдарынан бір үйір жылқы қырылып қалған. Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Саралжын ауылында қатты боран салдарынан қырылып қалған жылқылардың видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна".

Бейнежазбада ер адам боран кезінде жылқылардың су айдынында қалып қойғанын айтады. Оның сөзінше, демалыс күндері өңірде болған қарлы дауыл кезінде жануарлар дәл сол жерде табиғи апатқа тап болған.

Салдарынан үйірдегі жылқылардың басым бөлігі қырылған.

Аталған ақпаратты Қазталов аудандық әкімдігі растады.

«Қазіргі уақытта қырылған малдың саны мен келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Аудан әкімдігі тұрғындарды алдағы қолайсыз ауа райы туралы алдын ала ескерткен болатын. Мал басын қорада ұстауды сұрадық. Алайда барлығы бірдей бұл ескертуді ескермеді, соның салдарынан боран кезінде кейбір мал ашық жайылымда қалып қойды», — деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

댓글
기타 기사