«Артта қалудың көрінісі». Мирзиёеваның мойындауы

298
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7ANmwlx6AxWcDZhUVcq3klFV3U7BDAaZBAsvXWDI.webp

Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева Ургут ауданының шалғай ауылдарының бірінде орналасқан «Навои» емханасына барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол сапар аясында мекеменің мүшкіл хәліне алаңдаушылық білдірді.

1972 жылы салынған «Навои» емханасы 16 ауылдағы 13 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Алайда ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді, ал қызметкерлердің жұмыс жағдайы мен мүмкіндіктері шектеулі күйде қалып отыр.

«Бұл бір ғана нақты емхананың мәселесі емес. Бұл — алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудағы кең ауқымды артта қалудың көрінісі»,- деді Саида Мирзиёева.

Сапар барысында мамандармен бірге өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған жаңа жоспар жан-жақты талқыланды. Аталған жоспар тек ғимараттарды жөндеуді ғана емес, алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуді де көздейді.

Мирзиёева денсаулық сақтау саласындағы нақты мәселелерді тек есептер мен құжаттар арқылы ғана бағалау мүмкін емес екенін, ол үшін міндетті түрде жергілікті жерлерге барып, жағдайды көзбен көру қажет екенін айтты.

댓글
기타 기사