Жолаушы автобустан құлап омыртқасын сындырды

411
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xgyhRLxik9Ba4864zYSS0egmeKtgqENItTBcRLG0.webp

Алматы тұрғыны автобустан құлап, омыртқасын сындырып алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жәбірленушінің құрбысының айтуынша, оқиға 21 желтоқсанда №104 бағыттағы автобуста болған. Жүргізуші жолаушының қоғамдық көліктен толық шығып үлгергеніне көз жеткізбей, жүріп кеткен. Соның салдарынан әйел құлап,  жарақат алған. Ол жүргізушінің кешірім сұрамағанын атап өтті. Бұл ретте полиция да арыз қабылдамағаны айтылды.

Жәбірленушінің өз сөзінше, жедел жәрдем кептеліске байланысты дер кезінде жетпеген. Ал автобус жүргізушісі оны белгісіз бір жерге апарып, ол жерде әйелді автопарк қызметкері қарсы алған. Кейін жәбірленушіні басқа көлікке ауыстырып, Алматы қалалық №7 ауруханасына жеткізген.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта іс бойынша тексеру жұмыстары атқарылып, оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушының әрекеттері анықталып жатыр»,-делінген хабарламада.

 

 

댓글
기타 기사