Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді

217
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/o0HwSzsqQnYxv9ORN2moGjVQ3X11IuXB2bvk2Psj.jpg

Қазақстан Президенті Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Мемлекет басшысының айтуынша, кеше даңқты қолбасшы, Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толған. Оның ерлік жолы тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де кеңінен танымал.

Президент батырдың халық арасында қаһарман ретінде құрметтелгенімен, осы уақытқа дейін ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмегенін атап өтті. Бұл мәселені облыс тұрғындары, зиялы қауым өкілдері мен жастар бірнеше рет көтерген.

«Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек. Сондықтан Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына “Халық қаһарманы” атағын беру туралы шешім қабылдадым», – делінген жазбада.

Сондай-ақ Президент Бауыржан Момышұлының ерлігі аңыз емес, нақты тарихи құжаттармен дәлелденгенін, оны Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың өздері мойындағанын атап өтті.

Мемлекет басшысының пікірінше, Баукеңнің есімі отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым елге үлгі болуға тиіс.

댓글
기타 기사