Әлемді алаңдатқан ауру. Жаңа вирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу басталады

193
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/y9ueqqAUty5FvxvT019bjCb0t13TvLc8cyOS2vCN.jpg

Токио университеті әлемдегі ең қауіпті зооноздық аурулардың бірі саналатын Нипах вирусына қарсы вакцинаның клиникалық сынақтарын бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жапонияның Nikkei басылымының жазуынша, зерттеудің алғашқы кезеңі сәуір айында басталып, Бельгия аумағында өтеді. Вакцинаны Токио университетінің Алдыңғы қатарлы ғылымдар мен технологиялар ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеп жатыр.

Ғалымдардың айтуынша, жаңа вакцина Нипах вирусын жұқтырудың алдын алуға мүмкіндік беруі мүмкін. Аталған вирусқа қатысты соңғы рет қаңтар айында Үндістанда жаңа ошақтар тіркелген.

Қазіргі таңда Нипах вирусына қарсы мақұлданған әрі тиімді вакцина жоқ. Ал бұл инфекцияны жұқтырған жағдайда өлім-жітім деңгейі өте жоғары. 

Нипах вирусы жануарлардан адамға жұғады және аса қауіпті инфекциялар қатарына жатады. Оның табиғи тасымалдаушылары — тропикалық ормандарда мекендейтін ірі жемісқор жарқанаттар. Ауру жүйке жүйесі мен тыныс алу мүшелерін зақымдауы мүмкін.

Егер клиникалық сынақтар сәтті өтсе, бұл вакцина болашақтағы індеттердің алдын алуда және жаһандық эпидемиологиялық қауіптерді төмендетуде маңызды рөл атқаруы ықтимал.

댓글
기타 기사