Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

293
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W1DlsWjbNbcn1CQbcPam0woxpWeEjZs4JXN3mGwj.webp

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open ашық чемпионатында жеңіске жетіп, әлемдік WTA рейтингінде екі сатыға көтерілді. Финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жеңіс үшін отандасымыз 2 000 рейтингтік ұпай мен шамамен 1,5 млрд теңге көлемінде сыйақы алды.

Көш басында Australian Open жарысында Рыбакинадан жеңілген Беларусь теннисшісі Арина Соболенко тұр. Ал польшалық Ига Швентек әлемнің екінші ракеткасы атағын сақтап қалды.

Australian Open жеңісінен кейін Рыбакинаны рейтингтегі ең жоғары орындар үшін басты үміткерлердің бірі деп санайды. Журналистермен сөйлесу барысында теннисші Қазақстанның қолдауын және елін әлемдік аренада таныту мүмкіндігін маңызды деп санайтынын бірнеше рет атап өтті.

댓글
기타 기사