"Ақ ала ордам қонған жұрт..." Орынбор – Ресейде қалған астана

258
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8ngkcCQjUoXiHdKl2aBSEsA2Pez0rKtyKj0y3MIe.jpg

1925 жылы 9 ақпан күні Қазақ АКСР Орталық атқару комитеті төралқасы ел астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім қабылдады. Соңынан Орынбор Ресей құрамына өтті.

Сол жылдың 15–19 сәуірі аралығында Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезінда бұдан басқа да шешімдер қабылданды. Ғасырлар бойы бұрмаланып келген «киргиз» атауы ресми түрде «қазақ» деп түзетіліп, «Киргиз АКСР» атауы «Қазақ АКСР» болып өзгертілді. 

1925 жылдың көктемі мен жазында мемлекеттік басқару органдары түгелдей Сыр бойына көшіріліп, Қызылорда қысқа уақыт ішінде жас республиканың саяси, мәдени және рухани орталығына айналды. Ал бұрынғы астана Орынбор қаласы мен оның губерниясы Ресей Федерациясының құрамына өтті.

1927 жылы астананы Алматыға көшіру туралы шешім қабылданып, 1929 жылы бұл үдеріс толық аяқталды. Көркем табиғаты мен қолайлы географиялық орны бар Алматы 1997 жылға дейін Қазақстанның бас қаласы болып, ғылым мен мәдениеттің ірі орталығына айналды. Тәуелсіздік дәуірінде елорданы Сарыарқа төріне көшіру туралы шешім қабылданып, бұл мәртебе Астанаға берілді.

댓글
기타 기사