Иранда әйелдер құқығын қорғаған Нобель иегері қайта сотталды

200
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PMBufVVlc4vya7QORFDO3ctm955B8SM9eKQ1LrYF.webp

Иранда әйелдер құқығын қорғаумен танылған белсенді, Нобель сыйлығының лауреаты Наргиз Мохаммади 8 ақпанда 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Reuters жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Наргиз қорының мәліметінше, 53 жастағы құқық қорғаушы сот үкімі шыққанға дейін бір апта бойы аштық жариялаған. Оның адвокаты Мустафа Нили сот шешімі сенбі күні қабылданғанын айтқан. Ал Иранның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме бермеді.

Репрессияға қарсы күресімен белгілі Мохаммади былтыр 12 желтоқсанда адвокат Хосроу Аликордидің өліміне байланысты күмән келтіріп, наразылық білдіргеннен кейін қамауға алынған. Қазір ол Мешхед қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Қор өкілдерінің айтуынша, бірнеше апта оқшауланғаннан кейін ғана белсенді адвокатымен қысқа телефон арқылы сөйлесуге мүмкіндік алған.

"Бірнеше апта бойы оқшауланып, онымен хабар алу толығымен үзілгеннен кейін, ол өзінің адвокатымен телефон арқылы қысқа ғана сөйлесіп, хал-жағдайын баяндады", - делінген қордың хабарламасында.

Сот үкіміне сәйкес, ол заңсыз жиындар ұйымдастырды деген айыппен 6 жылға сотталды. Бұған қоса, екі жылға Хусф қаласына жер аударылып, 1,5 жыл бойы шетелге шығуына тыйым салынды.

Айта кетейік, Наргиз Мохаммади 2023 жылы түрмеде отырған кезінде Ирандағы әйелдер құқығын қорғау және өлім жазасын жою жолындағы күресі үшін Нобель сыйлығына ие болған.

 

 

댓글
기타 기사