Петропавлдағы НЗМ оқушысы терезеден құлап кетті. Қылмыстық іс қозғалды

262
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cxKr48PuvPOWtjYxwfftd3BLa5dAmtBKo6fH5m9a.jpg

Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы терезеден құлап, ауыр жарақат алды. Ақпаратты СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тергелуде.

«Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Оқиға 17 ақпанда болған. Оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

 

댓글
기타 기사