Алматы облысының әкімі бүгін ердің жасы елуге толды - Диас Нұрақын

185
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/m3D3Pcw0mAplnwLtUNFNxhpI5oP11cg1xSz5tMY0.jpg
Нақылмен емес нақты цифрмен, санмен,
Долбармен емес дәл ережемен, заңмен сөйлейтін Алматы облысының әкімі бүгін ердің жасы елуге толды. 
Марат Сұлтанғазиевтің бұл қызметте отырғанына биыл маусым айында төрт жыл толады. Осы аралықта Алматы облысының әл-ауқаты әжептәуір жақсарған.
Мәселен, 2021 жылы облыстың салық түсімдері 317 млрд теңге болса, былтыр ол 628 млрд теңгені құраған. Екі есе өсім.
2022-2025 жылдар аралығында облысқа 3,7 трлн теңге инвестиция тартылыпты. Биыл жалпы құны 620 млрд теңге болатын 37 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Бір ғана мысал, енді футбол көргенде Нарынқолдың картобынан жасалған Lays қытырлақ чипсыларын жеп отырасыз. Шөл басамын десеңіз дәл өзіміздің облыста өндірілген сусындардан ұрттап отыруға болады. Себебі, Алматы облысы азық-түлік, темекі және сусын өндірісі бойынша елімізде бірінші орында тұр.
Таңдай жібітетін Макси чайдан бастап мұрын қышығанда іздейтін алкогольді ішімдіктердің бәрі шығарылады.
Тізе берсем тым көп. Сынықтан басқаның бәрі жұғады демекші, мен де әкімдікке жұмысқа келгелі цифрмен сөйлейтін болап барамын. Осындай жатық, түсінікті тілмен жазылған ақпараттар қызық десеңіздер алдағы уақытта да салып тұрайын. Ал, Марат Елеусізұлына, толағай табыс, сарқылмас күш-қайрат тілеймін!
댓글
기타 기사