Израиль неге Каспийдегі нысандарды атқылағанын түсіндірді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6X2V8hn7CRbRVwkXFcLK4ex7Px3ZEfFkZjIbFcoA.jpg

ЦАХАЛ Иранның Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштері мен порт инфрақұрылымына соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әскери ведомствоның хабарлауынша, соққылар 19 наурызға қараған түні жасалған. Әуе күштерінің жойғыш ұшақтары Иран әскери флотының негізгі нысандарын нысанаға алған.

«Порт инфрақұрылымындағы ондаған әскери кеме орналасқан объектілерге соққы берілді. Олардың қатарында зымырандық кемелер мен күзет катерлері бар», – делінген ЦАХАЛ таратқан мәліметте.

Шабуылдар Каспий теңізі аумағында орналасқан әскери нысандарға бағытталған делінеді.

28 ақпаннан бастап Израиль мен АҚШ Иран аумағындағы бірқатар нысандарға, соның ішінде Тегеран қаласына соққы жасағаны хабарланған еді.

Осы оқиғаға байланысты Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің энергетикалық және стратегиялық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер жағдайды күрделендіріп, бақылаудан тыс салдарға әкелуі мүмкін және оның әсері тек аймақпен шектелмей, жаһандық деңгейде сезілуі ықтимал.

댓글
기타 기사