Әлемдік бақыт рейтингі. Кей көрсеткіш бойынша Қазақстан Франция мен Сингапурден озып кетіпті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8Q5TrUpIIzWiTudTt5HDfsSNdrm62HoXp5B8KjvP.jpg

Фото: Times.kz 

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны (35-орын) және Сингапурды (36-орын) артта қалдырды. Посткеңестік елдер арасында республика өз позициясын нық ұстап отыр. Бір жыл ішінде көрсеткіш +0.962-ге өсіп, бұлтоп-40 ішіндегі ең жоғары серпіндердің бірі. 

Бақыт қалай есептеледі?

Рейтинг алты негізгі фактор негізінде құрастырылады:

  1.  жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім (ЖІӨ),
  2. өмір сүру ұзақтығы,
  3. әлеуметтік қолдау,
  4. таңдау еркіндігі,
  5. жомарттық деңгейі,
  6. сыбайлас жемқорлық деңгейі.

Әрбір тұрғын өз өмірін 0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша бағалайды. Қорытынды нәтижесоңғы үш жылдың (2022-2024) орташа көрсеткіші.

 Көш басында кімдер тұр?

Финляндия сегізінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп келеді. Одан кейін Исландия мен Дания орналасқан. Ал алғашқы бестікке күтпеген жерден Коста-Рика (4-орын) енді. Бұл ел Швеция, Норвегия және Нидерландыны басып озды.

 Зерттеушілердің айтуынша, Латын Америкасы елдері экономикалық көрсеткіштеріне қарамастан өмір сапасын жоғары бағалайды. Бұл құбылыс ғылымда «латынамерикалық бақыт парадоксы» деп аталады.

 Израиль жалғасып жатқан қақтығысқа қарамастан 8-орында тұр. Ал рейтингтің соңғы, 147-орнында – Ауғанстан.

 Қазақстанның ерекшелігі неде?

Қазақстан сенім мен өзара көмек көрсету көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді. Биылғы есепте осы факторларға ерекше мән берілген.

 

Ел:

  •  жоғалған әмиянды көршіге қайтару ықтималдығы бойынша – 30-орында,
  • бейтаныс адамға қайтару бойынша – 42-орында.

Айта кетерлігі, Франция мен Сингапур ЖІӨ деңгейі жоғары болғанына қарамастан, бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстаннан төмен нәтиже көрсетті.

 Бұған дейін Қазақстан сатып алу қабілетінің паритеті бойынша әлемдегі ең ірі 40 экономиканың қатарына енгені хабарланған еді.

댓글
기타 기사