Дәрігерлер ем іздеген 69 жастағы әженің ішінен 25 келі ісікті сылып тастады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rvLEw1GVmqXdcVrUotkTRMElfIaz8P1neGNWZmcF.webp

Фото: ДСМ

Алматыдағы дәрігерлер жасы жетпіске таяған әженің ішінен салмағы 25 келіден асатан қатерлі ісікті алу үшін ұзақ ота жасаған. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ісіктің суретін көрсетіп, дер кезінде дәрігерге бармаудың салдары қандай болатынын ескерткен, деп хабарлайды "Адырна".

«Дәрігерлер науқастың өмірін сақтау үшін бірегей ота жасады. Науқастың ішінде бірнеше айдан бері ісік өсіп жатқан. Сыртқы көзге қарағанда аяғы ауыр әйел сияқты көрінген. Салмағы шамамен 25 келі болатын ісік бірнеше айдан бері өсіп жатса да әйел медициналық көмекке жүгінбеген және дәстүрлі емес әдістермен емделген», - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

ДСМ-ның мәліметіне сүйенсек, 1957 жылы туған науқас шамамен алты аптадан екі ай аралағында ауырған.

«Осы уақыт ішінде ол жақсаруға үміттеніп, әртүрлі тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды қабылдаған. Алайда, ешқандай нәтиже болмаған - ісік тез өсе берген. Кейінірек туыстары айтқандай, әйел өз жағдайын жасырып, тіпті қоспаларды сатып алу үшін несие алған. Тек жағдайы нашарлағаннан кейін ғана науқас Алматы онкологиялық орталығына онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаевқа қаралды. Компьютерлік томографияны қоса алғанда, тексеру кезінде іш қуысы мен жамбас қуысында алып ісік анықталды. Ісік 35 сантиметрді құрап, іш қуысын толығымен толтырып, жамбас қуысына дейін созылған», - деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Дәрігерлер шамамен 2,5 сағат ішінде ота жасап, ішперде артындағы ісікті әрең алған. Отаны онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаев және оның көмекшісі Ғалым Сармаш жасаған.

«Алынған ісіктің салмағы шамамен 25 килограммды құрады. Дәрігерлер әйелдің диагнозын, яғни, қатерлі ісікті растады. Қазір науқас химиотерапиядан өтіп жатыр», - деп хабарлайды ДСМ.

댓글
기타 기사