Қазақстан АҚШ-қа бір "Камаз" ұн жіберген бе?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/U3an3a5QiYAcNb5NrLvv1TrDiEoBBpbhBm6xsid4.jpg

Қостанайдан Нью-Йоркке 24 тонна қазақстандық ұн экспортталды. Бұл туралы бүгін, 26 наурызда Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Еліміздегі KTZ Express компаниясы Транскаспий халықаралық көлік бағыты инфрақұрылымын пайдалана отырып, Қостанай – Нью-Йорк бағыты бойынша қазақстандық бидай ұнын жеткізудің жаңа жөнелтілімін ұйымдастырды. Жүк 2026 жылғы 10 наурызда жіберіліп, құрамына Қазақстандағы ірі ұн тарту кәсіпорындарының бірі әрі Орталық Азиядағы жетекші компаниялардың қатарындағы Salamat Company LLP өндірген 24 тонна өнім кірді. Қазақстандық ұнға деген сұраныстың артуы халықаралық нарықтардың біздің еліміздің өніміне тұрақты қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді»,- делінген хабарламада.

KTZ Express тасымалдың бастапқы кезеңін — жүктi контейнерге тиеу мен оны Қостанайдан Ақтау портына дейін жеткізуді қамтамасыз еткен. Одан кейін жүк Каспий теңізі арқылы Алат портына жеткізіліп, әрі қарай Поти порты арқылы Қара теңізбен тасымалданып, Стамбул қаласы арқылы Жерорта теңізіне шыққан. Соңғы кезеңде бағыт Атлант мұхиты арқылы өтіп, жүк Нью-Йорк портына жеткізіледі.

Теңіз арқылы тасымалдау әлемдегі ірі кеме қатынасы компанияларының бірі — CMA CGM серіктестігімен жүзеге асырылып жатыр. Жалпы транзит уақыты шамамен 58 күнді құрайды.

 

 

 

댓글
기타 기사