Қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Biz Birgemiz Qazaqstan қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайратқа түрмеден жұмыс табылды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Сотталған сот шешіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол мекемеде жұмысқа орналастырылған және қызметтік үй-жайларды тазалаумен айналысады», – деліген хабарламада.
Еске салайық, 2025 жылдың шілдесінде Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Перизат Қайратты 10 жылға, оның анасы Ғайни Алашбаеваны 7 жылға бостаныдғынан айыруға үкім шығарған еді. Сот оларды қайырымдылыққа деп жиналған 3,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін айыпты деп таныған.
