Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысып жүргені айтылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UT2pvTzhHLMPB9z7wBg7jx2GbnZ1WYsBzmlXhOj7.webp

Қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Biz Birgemiz Qazaqstan қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайратқа түрмеден жұмыс табылды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сотталған сот шешіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол мекемеде жұмысқа орналастырылған және қызметтік үй-жайларды тазалаумен айналысады», – деліген хабарламада.

Еске салайық, 2025 жылдың шілдесінде Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Перизат Қайратты 10 жылға, оның анасы Ғайни Алашбаеваны 7 жылға бостаныдғынан айыруға үкім шығарған еді. Сот оларды қайырымдылыққа деп жиналған 3,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін айыпты деп таныған.

 

Пікірлер