Димаш Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатына ие болды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KZvZcbHyz9Sx7HS3A5YwDLwhNIUfqRlG9Px0T1Cp.jpg

11 сәуірде Қытайдың Макао қаласындағы Venetian Macao Arena алаңында «2026 Weibo Gala 微博文化交流之夜» атты салтанатты кештің ашылуында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар бас қосты. Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген кештің музыкалық бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі dimashnews-ке сілтеме жасап.

«Фестивальдің Қызыл кілемінде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген Димаш Құдайберген Макаоның «МайМай» тұмарымен бірге мәдениет пен туризм арасындағы байланысты бейнелейтін көркем көрініс қалыптастырды. Қытайлық тыңдармандарға деген сағынышын жеткізген қазақстандық әртіс кеш қонақтарын ілтипатпен қарсы алып, Макаоның сөзбен жеткізе алмайтын ерекше сұлулығын атап өтті»,–делінген хабарламада. 

Фестивальдің қорытынды бөлімінде өнер көрсеткен Димаш өзінің авторлық «Fire» композициясын ағылшын тілінде орындап қана қоймай, қазақ тілінде рэп бөлігін орындап кештің сахнасын жарқырата түсті.

Макаода Димаш продюсер ретінде алғашқы марапатына ие болды. Оған Weibo Macau China тарапынан «Халықаралық мәдени алмасуға қосқан жылдық үлесі үшін» сыйлығы табысталды.

 

댓글
기타 기사