Ормұздағы шиеленіс Қазақстан мен Әзербайжанға деген қызығушылықты арттырды – БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tfq9jSnMMR35YvzBtrfMAMvRRPKSkI5jAVH2g2cZ.jpg

Ормұз бұғазы маңындағы шиеленіс Әзербайжан мен Қазақстанға деген қызығушылықты арттыруда. Бұл туралы The Washington Times жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Иранның қоқан-лоққылары мен соңғы апталарда Ормұз бұғазындағы кеме қатынасын бұзуға бағытталған әрекеттері әлемдік нарықтарды тұрақсыздандырып, мұнай бағасының өсуіне себеп болды және аймақ елдерін жеткізілімнің балама бағыттарын шұғыл іздеуге мәжбүр етті.  Мұндай жағдайда баламалы энергия көздері мен көлік бағыттарын дамыту ерекше өзектілікке ие болуда»,-делінген хабарламада.

Басылым Каспий теңізінің көптің назарында екенін атап өтті. Әлемдік өндірудегі үлесі салыстырмалы түрде аз болғанына қарамастан, аймақтың әлеуеті зор екені айтылды.

«Қазақстан мен Әзербайжан бірлесіп тәулігіне 2 млн баррельден астам мұнай өндіреді және тиісті ынталандырулар болған жағдайда батыс нарығына жеткізілім көлеміе арттыра алады»,-деп жазды шетелдік БАҚ.

Негізгі инфрақұрылымдық элемент ретінде Шығыс Азияны Орталық Азия, Каспий өңірі және Оңтүстік Кавказ арқылы Еуропамен байланыстыратын Орта дәліз қарастырылуда. Басылым мәліметінше, бұл бағыт Ресей арқылы өтетін солтүстік маршруттарға және Ормұз бұғазы сияқты тар өткелдердегі тәуекелдерге тәуелді оңтүстік бағыттарға балама ретінде ұсынылады.

Қосымша фактор ретінде Иран мен Әзербайжан арасындағы қатынастардың шиеленісуі аталды. Соғыс барысында Әзербайжанның Нахчыван өңіріне ирандық дрондар шабуыл жасаған. Осы жағдай аясында мақала авторы Бакудің Батыспен одан әрі жақындасуы мүмкін екенін айтты.

댓글
기타 기사