"Жайдарман" ойыншысы Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/c58pT88rQdxbpKilPjVJz3uVhiUGFN4oDFcSqYbK.jpg

Белгілі актер, жайдарманшы, «Миллион» командасының мүшесі Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна".

«Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымды білдіремін. Басты мақсат – ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру. Алда үлкен жұмыстар бар. Бірге дамимыз!» - деді Мансар Орынхан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Актер алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттау, оның имиджін арттыру және медиа бағытты жаңа деңгейге көтеру жолында бар күш-жігерін салмақ.

“Жинақтаған тәжірибем мен шығармашылық көзқарасымды осы салаға бағыттап, бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін. Басты мақсат – ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру” дейді ол.

댓글
기타 기사