АҚШ Иранмен соғысқа кеткен шығынды жариялады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5JnFDrUp9br6ApG1svbEZZXY6Me2CQshmYFETzNL.avif

АҚШ қорғаныс министрлігінің штаб пәтері Иранмен соғысқа кеткен шығын көлемін алғаш рет жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік БАҚ дерегінше, Ирандағы әскери қақтығысқа шамамен 25 млрд доллар жұмсалған. Алайда соғыстың қашан аяқталатыны әзірге белгісіз.

АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет өкілдер палатасының қарулы күштер комитеті алдында өткен тыңдауда Ирандағы әскери операциялар туралы есеп берген. Оның айтуынша, АҚШ-тың әуе соққылары нәтижесінде Иранның бірқатар «ядролық нысандары жойылған», соның ішінде жоғары байытылған уран қоры да бар.

Дегенмен, Адам Смит бұл мәлімдемеге күмән келтіріп, әкімшілік бұған дейін Иранның ядролық бағдарламасын «жедел қауіп» деп бағалағанын еске салды. Өз кезегінде Хегсет Иран ядролық амбицияларынан бас тартпағанын атап өтті, бірақ соғыстың нақты мерзімі мен жалпы құнына қатысты толық ақпарат бермеді.

Тыңдауға қатысқан Пентагонның бас қаржылық бақылаушысы Джей Херст қазіргі уақытқа дейінгі шығын шамамен 25 млрд долларды құрағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, негізгі қаражат Иран аумағына бағытталған қару-жараққа жұмсалған.

Пентагон дерегіне сәйкес, Дональд Трамп 7 сәуірде атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасағанға дейін АҚШ әскері Ирандағы шамамен 13 мың нысанаға соққы жасаған.

 

댓글
기타 기사