Астанада жүргізуші аулада жүрген баланы қағып мерт қылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3yKSF0whorHPb2ToDcp6v6NaNSeSSWc3NjCuQhT9.jpg

Астанада Иманов көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында автокөлік жүргізушісі жолдың жүру бөлігіне жүгіріп шыққан кішкентай баланы қағып кетті, бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

«Ағымдағы жылдың 3 мамырында Иманов көшесіндегі үйдің ауласында Kia Seltos автокөлігінің жүргізушісі аула ішімен қозғалып бара жатып, жолдың жүру бөлігіне жүгіріп шыққан кішкентай баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қөз жұмды», - делінген хабарламады.

ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

«Полиция жүргізушілерге аулаларда және іргелес аумақтарда қозғалыс кезінде барынша мұқият болу қажеттігін, жолға балалардың шығып кетуі мүмкін екенін ескеруді, ал ата-аналарға — қайғылы жағдайларды болдырмау үшін кішкентай балаларды жол жиегінде және аулаларда қараусыз қалдырмауды ескертеді», - деді полиция.

 

댓글
기타 기사