Ресей телеэфиріндегі бұрмаланған карта Әзербайжанның наразылығын тудырды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/owdb1gz2JpMiyJA4A1XZS4cjOddOwY1FWhzii9a6.jpg

6 мамыр күні Ресейдің мемлекеттік телеарнасындағы  «Уақыт көрсетеді« («Время покажет» бағдарламасында Әзербайжан Республикасының бұрмаланған картасы көрсетіліп, онда аумақ «Таулы Қарабақ» деп белгіленген, деп хабарлайды "Адырна" порталы Caliber.az агенттігіне сілтеп.

Осыған байланысты Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айхан Гаджизаде мәлімдеме жасап, мұны арандатушылық және саяси манипуляция деп бағалады.

Министрлік мәліметінше, Әзербайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығы толық қалпына келтірілген және бұл халықаралық қауымдастық тарапынан, соның ішінде Ресей Федерациясы тарапынан да мойындалған.

«Ресейдің Әзербайжанның аумақтық тұтастығы мен егемендігін өзгермейтін түрде құрметтейтіні туралы мәлімдемелері аясында РФ мемлекеттік телеарнасында ескірген, жалған әрі сепаратизмді қолдайтын нарративтердің таратылуы әзербайжан-ресей қатынастарының рухына, сондай-ақ өзара құрмет пен тату көршілік қағидаттарына ашық түрде қайшы келеді. Мемлекеттік медиаресурстардың мұндай жауапсыз әрі біржақты ұстанымы жол беруге болмайды. Біз Ресей тарапынан бұл мәселеге қатысты нақты түсініктеме беріліп, мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін қажетті шаралар қабылданады деп күтеміз», — делінген мәлімдемеде.

댓글
기타 기사