БАӘ Иранға қарсы әскери операцияға қатысқан — БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KiU5Wb1HdIgijODTMTHZgBcM6ba7kROv2iDXmI9T.jpg

Біріккен Араб Әмірліктері билігінің Иран аумағына жасалған жасырын шабуылдарға қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Wall Street басылымына сілтеп.

Басылым мәліметінше, Әмірліктер ресми түрде бейтарап ұстанымын жариялағанымен, құпия әскери операцияларға араласқан.

WSJ деректеріне сәйкес, шабуыл жасалған негізгі нысандардың бірі — Иранның Лаван аралындағы мұнай өңдеу зауыты. Әуе соққысынан кейін зауыт аумағында ірі өрт шығып, өндірістік инфрақұрылымның бір бөлігі бірнеше айға істен шыққан.

Басылымның жазуынша, аталған оқиғадан кейін Иран жауап ретінде БАӘ мен Кувейт аумақтарына зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жаппай шабуыл жасаған.

Сонымен қатар, БАӘ тарапы Иранға қарсы әскери әрекеттерге қатысқаны жөніндегі ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. 

댓글
기타 기사